Мемлекет басшысы айтып өткендей мерейтойда ағартушылық бағыттағы шараларға басымдық беру қажет. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаев ұлы Абайдың мерейтойына бөлінген қаражатты орнымен жұмсау керектігін айтты.
“Тойға кететін шығынды азайту керек. Бұған демеушілердің қаржысы жұмсалса да, күні-түні концерт ұйымдастырудың, шетелден қаптатып әнші-әртісті алдырудың қажеті жоқ. Бұл шараны кәсіби деңгейде өткізуіміз керек. Сіз – облыс әкімдері арасындағы ең тәжірибелі басшысыз, сондықтан Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін барлық шараны сүзгіден өткізіңіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовке қарап.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!