Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: Қазақстан Ресей аумақтық талап қояды деп қауіптенбейді

29.09.2023, 8:45 342

HALYQLINE.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресей аумақтық талап қояды деп қауіптенбейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Германиядағы ресми сапары кезінде айтты.

«Ресей мен Қазақстанның шекарасы делимитацияланып, негізінен демаркацияланған. Екі елдің парламенттері тарабынан бектіліп, ратификацияланған. Сондықтан Ресейдің аумақтық талабы бойынша бізде ешқандау қауіп жоқ», – деді Тоқаев.

Тоқаев сонымен бірге Астана Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын орындайды деді.

«Қазақстан Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын сақтайды. Біз санкциялық режимді сақтау үшін барлық тиісті ұйымдармен байланыстамыз», – деді Тоқаев Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Қазақстан мен Ресей делимитациялау келісіміне 2005 жылы қол қойған. Бірақ іс жүзінде шекараны толық бекіту әлі аяқталмаған. 2021 жылы Атырау облысының Көптоғай ауылында жергілікті тұрғындар шекара бағандарын орнатуға қарсылық білдірген. Олар бұл су алуға кедергі болатынын айтқан. Қазақстанның шекара қызметі ешкімге жер берілмегенін, өзенге баратын жол сақталатынын мәлімдеген.

2023 жылдың ақпан айында Қазақстанның шекара қызметі елдің шығысындағы 300 шақырым жерде Ресеймен шекара сызығына әлі баған орнатылмағанын айтқан.

Ресейлік саясаткерлер оқтын-оқтын Қазақстанға аумақтық талап қойып келеді. Әсіресе, Украинада соғыс басталғаннан кейін бірқатар ресейлік саясаткерлер Қазақстан жеріне көз тігіп отырды. Бұл Қазақстанның аумақтық тұтастығына қол салу қауіпі ретінде бағаланып келеді. 

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: