Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туиттердегі жазбасы әлеуметтік желілерде көп талқылануда.
«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!» деп жазылған жазбаны желі қолданушылар жан-жақты сынауда.
«Мұндағы пунктуацияны қоя берші. «Арқасында» деген сөздің мәнін білмейтіндер көбейіп бара жатқан сияқты» деп жазады желі тіркелушісі.
Ал, 4 сөйлемнен тұратын жазбадан біз бірнеше қате байқадық. Леп белгісімен қоса, сөйлем арасында сызықша қойылуы тиіс жер де бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!