Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде комиссия отырысы өтті

03.05.2024, 9:15 433

Кеше Арал аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Аудан әкімі А.Оңғарбаев төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Комиссия отырысында екі мәселе қаралды.

Алдымен аудан аумағында Конго-Қырым гемморрогиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Сатекеева баяндады.

Аудан басшысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары жыл сайын күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі екеніне тоқталып, залалсыздандыру жұмыстарына өте мұқият болып, жауапкершілікпен қарауды жүктеді. Мұнымен қоса, елдімекендердегі мал шаруашылығы қора-жайларының және жеке аулалардың лас қоқыстардан тазартылуы мен залалсыздандыру жұмыстарының өту барысын ұдайы бақылауда ұстауды міндеттеді.

Жаз маусымының басталуымен су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті екені белгілі. Осы орайда, күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Жазғы мезгіліндегі су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы» бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Д.Шәкен хабарлама жасады.

Өз сөзінде баяндамашы жаз мезгіліндегі суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде тұрғындарға жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына тоқталды.

Хабарламашыдан кейін сөз алған аудан әкімі: «Күннің қатты ысуымен халық көлдер бойын жағалап, суға шомыла бастайтыны баршаңызға мәлім. Суға кету жағдайларының басым бөлігі ауыл-ішілік каналдар мен кіші көлдерде ата-ананың балаларды бақылаусыз қалдыруынан сонымен қатар, өз еркімен балық аулаушы азаматтарымыздың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алуда. Біздің басты байлығымыз адам дейтін болсақ, сол адамдардың өмірін сақтау – міндетіміз» деп, алдағы суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алып, тиісті жұмыстарды жүргізуді жүктеді.

Сонымен қатар, тиісті сала басшыларына Қамыстыбас көлі жағасында Аққұмшық демалыс аймағында орналасқан демалыс үйлерінің аумағының тазалығын, су астын әйнектерден тазалау және жағажайдағы демалушы адамдардың судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды үнемі ұйымдастыруды, қауіпсіздік ережелері туралы үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» Арал ауданы бойынша бөлімшесі ұдайы кезекшілікте болуын тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: