Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округінде орналасқан резервтік қордағы «Қамысты қақ» су айдынының жағалауына «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтті.
«Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлерінің қатыстысуымен өткен акцияға 6 қызметкер және 1 техника жұмылдырылып, 200 кг әр түрлі тұрмыстық қатты қалдықтар жиналып, тиісті орындарға шығарылды.
Акцияның негізгі мақсаты, балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын, су айдындарын қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан, тұрмыстық қалдықтардан тазартып балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!