Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тақылдақ» шопыр

27.06.2022, 9:00 386

HALYQLINE.KZ

Боямасыз

Ауыл мен қала арасына қатынайтын автобуста келемін.

Шопырға біреу телефон соқты. Автобусым бұзылып келе жатыр деген сыңайлы.

Біздің шопыр:

– Тах-тах, тах-тах, тах етіп келе жатыр ма? – деді арғы жақтағы адамға. Мяя, күшті келтіреді ше темірдің дауысын. Арғы жақтағы кісі бірдеңе деді.

– Блиин, сол, тах-тах, тах-тах етіп менікі де, – деді біздің жүргізуші.

Арғы жақ тағы бірдеңе айтты.

– Тах-тах, тах-тах ете беред деп заявка бердің бе енді? – деді біздікі. Жауабын өзі біледі енді.

– Сол ғой, тах-тах, тах-тах етіп тақылдай береді, – деді сосын.

Опшым, жұмысқа тақылдап келеміз.

Абайлаңыздар, көпшілік жерде, қоғамдық көлікте тамақ жыртылғынша айқайлап сөйлеспеңіздер. Түсіп кеткенше телефонмен сөйлесетіндерге де, үйіндегі ұрыс-керісін үтір-нүктесімен қоса айтып отыратындарға да құлаққағыс. Әйтпесе Сіздерді де осылай қосып жіберіп, тақылдап кетуім мүмкін.

Нұржамал  ӘЛІШЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: