Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды

03.03.2025, 17:40 90

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысының игерілуі, құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі, санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселелері, осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы талқыланған жиын өтті. Оған қала, аудан әкімдері және жауапты сала басшылары қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет. Мен бұған дейін де үнемі ескертіп келемін, құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Жаңа нысан пайдалануға берілместен бұрын кемшіліктер жөнделуі керек. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмыс мерзімінде аяқталуы тиіс. Құрылысы жүріп жатқан әр нысанның сәулеті мен келбетіне баса мән беру керек.

Алдағы мереке күндері коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Тұтынушыларға жарық, жылу, су беруде, жолаушылар тасымалында ешқандай мәселе туындамауын қадағалаңыздар.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда. Тазалық жұмыстарын күнделікті әрі уақытылы жүргізуді тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, жиында межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатыны ескертілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: