Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне отандық журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Құрман 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.
Журналист отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ол ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!