Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры тағайындалды

24.07.2024, 21:55 293

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры қызметіне Басаров Әліби Төлепбергенұлы тағайындалды.

Әліби Төлепбергенұлы 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Болашақ» университетін ақпараттық жүйелер мамандығында білім алған.

Еңбек жолын 2011 жылы «Қызылорда жастары» қауымдастығынан бастаған.

2011-2014 жж. «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда КВН» филиалында, «Қызық орда» қоғамдық қорында түрлі қызметтер атқарған.

2014-2017 жж. «Облыстық Жастар ресурстық орталығында» кеңесші, Қызылорда қалалық бөлімінің басшысы.

2017-2019 жж. Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығында» кеңесші.

2019-2021 жж. Қызылорда қаласында «Жайдарман академиясының» директоры.

2020-2022 жж. «Облыстық Жастар ресурстық орталығында» бөлім басшысы.

2022-2024 жж. Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры.

Қосымша 2016 – 2024 жж. «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда КВН» филиалының директоры қызметін атқарған.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде және YouTube арнасында түрлі жобалардың, QYZYLORDA телеарнасында «Кешкі шоу» бағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс атқарып келеді. Отбасылы 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: