Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов пен Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрболат Серікұлы Дүйсенбаев Жаңақорған ауданы активіне жаңадан тағайындалған аудан прокурорын таныстырды.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, құзырлы орган басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары, кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.
Облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Серікұлы алдымен Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қызылорда облысында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Одан кейін облыс прокурорының орынбасары жиынға қатысушыларға жаңадан тағайындалған Жаңақорған ауданының прокуроры Бөлеулиев Бақытхан Төлегенұлын таныстырып, оның еңбек жолына тоқталып, жаңа қызметте үлкен сенім артылып отырғандығын жеткізді.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сөз алып, жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Бақытхан Төлегенұлына сәттілік тіледі.
Бөлеулиев Бақытхан Төлегенұлы — 1976 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Астана қаласы, Алматы аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтуші болып бастап, 2001 — 2003 жылдар аралығында Астана қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, 2003 — 2004 жылдар аралығында орталық аймақтық көлік прокурорының көмекшісі, 2004 — 2008 жылдар аралығында ҚР Бас прокуратурасында түрлі лауазымда қызмет атқарып, 2008 — 2010 жылдары аралығында Павлодар облысының тергеу басқармасының аға тергеушісі және басқарма басшысы, 2010 жылдары ҚР Бас прокуратурасында қызмет атқарды. Содан соң Түркістан облысының Арыс, Ордабасы және Отырар аудандарының прокуроры қызметтерінде болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!