HALYQLINE.KZ Іскерлік әкімшіліктендіру докторы (DBA) КЕАҚ Басқарма мүшесі Базартай Жандос Нұртайұлы Директорлар кеңесінің 2021 ж. 26 қаңтардағы (№1 Хаттамасының) шешіміне сәйкес Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
Базартай Жандос Нұртайұлы 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.
2009-2011 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті магистратурасын үздікке аяқтап, «Тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі атанды.
2015-2019 жж. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халықтық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясында білім алып, «Іскерлік әкімшіліктендіру докторы» атағын алды.
2007-2012 жж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі, «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы, «Жас Отан» корпоративтік қорының директоры қызметін атқарды. 2009-2010 жж. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Ой дода» бағдарламасын жүргізген.
2012 жылы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. 2012-2019 жж. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректорының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының төрағасы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2019-2020 жж. оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы болды.
2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
Қызметтегі еңбегі жоғары бағаланып ҚР Президентінің Алғысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Сыр үміті» және Ғ.Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегері. Отбасылы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!