Түркістан облысының әкімі лауазымына Нұралхан Көшеров тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Нұралхан Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану бакалавры» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды. 2018 жылдан 2021 жылға дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, кейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылғы қаңтарда Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!