HALYQLINE.KZ Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары – премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.
Дархан Сатыбалды 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!