Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тереңөзек кентінің әкімі болып Нұржан Бисембаев сайланды

09.02.2026, 10:50 58

Сырдария ауданында өткен сайлау қорытындысы бойынша Бисембаев Нұржан Пермебайұлы Тереңөзек кентінің әкімі болып сайланды.

Дауыс беру нәтижесінде ол сайлаушылардың 2932 дауысын жинап, жеңіске жетті. Нұржан Бисембаев 1976 жылы дүниеге келген. Сайлауға AMANAT партиясы атынан ұсынылған.

Айта кетейік, кент әкімін тікелей сайлау жергілікті басқару жүйесін дамытуға және тұрғындардың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыруға бағытталған. Жаңадан сайланған әкім кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағытында жұмыс жүргізетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: