HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімдерімен Шиелі ауданының әкімі лауазымына Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы тағайындалды.
Мақұлбеков Нариман 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған.
1987-1994 жылдары Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген.
1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен. 2018-2020 жеке секторда «Jfc colos» ЖШС директорының кеңесшісі лауазымын атқарған.
2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Шиелі ауданының әкімі болып келшен Нариман Мақұлбеков мырзаға әуелі қадамыңызбен,қызметіңіз құтты болсын деймін,лауазымыңызды адал атқарып,барынша таза,аділ болып қызметте абыройлы болуыңызға тілеетеспіз