Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қанат Шарлапаев 2023 жылғы қыркүйектен бүгінге дейін еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!