Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты

06.04.2026, 10:20 47

Ауғанстанда соңғы тоғыз күн ішінде болған су тасқыны салдарынан 99 адам көз жұмып, тағы 154 адам жарақат алды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 26 наурыздан бері толассыз жауған жаңбыр ел аумағында жаппай су тасқыны мен көшкіндерге себеп болған. Табиғи апат салдарынан 5 мыңға жуық тұрғын үй толық немесе жартылай қирап, 355 шақырым жолды су шайып кеткен. Сонымен қатар 14 мың акрдан астам ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалған. Жалпы 8 532 отбасы зардап шеккен.

Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының өкілі Юсуф Хаммадтың айтуынша, ең көп зардап шеккен аймақтарға құтқару және гуманитарлық көмек топтары жіберілген. Қазіргі уақытта келген шығын көлемі әлі де нақты бағаланып жатыр.

Синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын жалғасатынын айтып, елдің 34 провинциясында су тасқыны қаупі сақталып отырғанын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Дағыстанда да нөсер жаңбыр салдарынан екінші рет су тасқыны болып, Махачкала, Дербент және өзге де қалаларда бірқатар аумақтарды су басқаны хабарланған еді. Табиғи апаттың салдары ауыр болған.

Фото: видеодан скриншот

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: