Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Беркімбаев Даулет Сүлейменұлы Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
Бүгін департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы қалалық полиция басқармасының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Беркімбаев Даулет Сүлейменұлы 1980 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.
Осы уақыт аралығында полиция полковнигі Д. Беркімбаев ішкі істер саласында түрлі басшылық лауазымдарда абыройлы қызмет атқарған.
Бұған дейін Шиелі аудандық полиция бөлімі бастығы қызметін атқарып, облыс көлемінде қылмыстардың ашылып, көрсеткіштің жақсаруына үлес қосып жүрген тәжірибелі маман.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!