Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының бас мұғалімі тағайындалды

30.04.2024, 14:52 441

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 30.04.2024 жылғы № 36-ЖҚ бұйрығымен арнайы тексеріс нәтижесі келгенге дейін мемлекеттік әкімшілік лауазымымен көзделген міндеттерді атқару үшін қалалық білім бөлімінің басшысы болып Сәдуақасова Жанат Мылтықбайқызы тағайындалды.

Сәдуақасова Жанат Мылтықбайқызы 1965 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – «Шетел тілі: екі шетел тілі» пәні мұғалімі.

Еңбек өтілін 1989 жылы №211 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастап, осы еңбек жолында ұрпаққа саналы білім беріп, жігерілігінің арқасында 1994-1997 жылдар аралығында №235 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 1997-1999 жылдар аралығында қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, 1999-2020 жылдар аралығында №7, 217, 11 мектептерінің директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың 14 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп директоры болып қызметке тағайындалды.

Жанат Мылтықбайқызы білім саласында қажымай еңбек атқарып, жаңа идеялармен бөлісіп, жаңашылдыққа деген ізденіспен 2004 жылы АҚШ мемлекетінің грантымен, Миннесота штаты, Солт-Лейк-Сити қаласында тәжірибе алмасудан өтсе, 2018 жылы Израиль мемлекетінің грантымен Иерусалим қаласында тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша білім алған.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Сыр елі аналарының мәртебесін көтеруде ерен еңбек етуінің арқасында «Қызылорда қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, Қызылорда қалалық мәслихат депутаты қызметін атқарды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: