HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда қаласының әкімі болып Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды.
Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы 1960 жылы туған.
Ол Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнай-газ кен орындарын өңдеу мамандығы бойынша бітірген.
Ғанибек Қазантаев ұзақ жылдар облыстың мұнай саласында еңбек етті. 2013 жылдан 2019 жылдың тамыз айына дейін Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды. Ауданды басқару кезеңінде ауданның экономикалық-өндірістік көрсеткіштері облыста үздіктер қатарында болды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселерін шешуде оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Ғанибек Қазантаев 2000 жылы облыс әкімінің, 2002 жылы облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. «Құрмет» орденінің иегері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!