Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ғабит Жұмабекұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан экономика және құқық институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының кадр-іс жүргізу жөніндегі «инженері» ретінде бастаған.
2001-2006 жылдары Қызылорда облысының статистика басқармасының экономисті, бас маманы;
2006-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің» жетекші маманы;
2008-2011 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы;
2011-2012 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;
2012-2016 жылдары облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы;
2016-2020 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары;
2020 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Ғабит Жұмабекұлы қала әкімінің орынбасары ретінде қаржы-экономика, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Осы уақытқа дейін қаржы-экономика саласына жетекшілік етіп келген қала әкімінің орынбасары Нұридинов Бектас Балғабайұлы мәдениет, спорт, ішкі саясат, әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін болады.
Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!