HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте кадрлық тағайындаулар болды.
2021 жылдың 24 мамырынан бастап Оспанов Жарас Өмірбекұлы қала әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Жарас Өмірбекұлы 1966 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу Комитетінің Қарағанды жоғарғы мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1989 жылы облыстық ішкі істер департаментінің инспекторы ретінде бастаған.
1993-1998 жылдары Қармақшы аудандық ішкі істер басқармасында оперативті уәкіл, аға оперативті уәкіл, іздестіру бөлімшесінің бастығы, 1998-1999 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының аға оперативтік уәкілі, бөлімше бастығы, 1999-2008 жылдары облыстық ішкі істер департаментінің аға оперативтік уәкілі, бөлім бастығы, 2008-2011 жылдары облыстық ішкі істер департаментінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2011-2012 жылдары Жаңақорған аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 2012-2020 жылдары облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарып келген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!