Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

01.08.2022, 9:00 1036

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық тағайындауға байланысты өткен актив отырысында Қызылорда облысы білім басқармасының басшысын таныстырды. Конкурс нәтижесімен және Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрлігінің келісімі негізінде Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы ретінде тағайындалды.

– Мейрамбек Зинабдинұлы Өздеріңізге жақсы таныс, Қызылорда облысының тумасы. Осы салада біраз жыл еңбек етіп, білім саласын абыроймен тізгіндеген азамат. Тек білім саласында ғана емес, меритократия қағидатымен мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өткен тәжірибелі маман.Ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, бір облыста ғана емес, бірнеше өңірде, республика деңгейіндегі басшылық қызметтерді жоғары кәсіби деңгейде атқарған білікті азамат. Білім саласы – аймақтағы ең ауқымды сала. Бүгінде білім саласында қордаланған мәселелер аз емес. Мемлекет басшысының Жолдауларынан білім саласына қатысты туындайтын міндеттерді, «Білімді ұлт» Ұлттық жобасы аясындағы облысымызға белгіленген индикаторларды сапалы жеткізуге осы кезге дейін жинаған тәжірибесін арнайды деп есептеймін», – деді облыс әкімі.

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы туған. Еңбек жолын ауыл мектебінің тарих пәнінің мұғалімінен бастаған. 1995-2000 жылдары Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектебінің мұғалімі, директоры орынбасары болған. 2001-2004 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2007-2009 жылдары облыстық білім басқармасының басшысы, 2009-2011 жылдары облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, 2011-2016 жылдары облыстың аумақтық білім саласын бақылау департаментінің басшысы. 2016-2020 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, 2020-2021 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқара білді. 2021 жылдың мамыр айынан бастап «Орда Инвест» корпорациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Пікірлер:
  • Сыбайлас жемқорлықтың от болып жанып тұрған жерін одан сайын күйдіреді ғой!!! Облыс бойынша бүкіл білім саласында тек *Жаңақорған*-дар отырады енді.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: