Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

28.10.2025, 17:35 137

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы №661 ж/қ бұйрығымен полковник Мадияр Мырзагелдиев Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Мадияр Мырзагелдиев 1987 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында дүниеге келген. 2008 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын бітіріп, өрт қауіпсіздігі инженері, ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі біліктілігін алған. Еңбек жолын Астана қаласы өртке қарсы қызмет департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері болып бастаған. Одан кейін басқармада аға инженер лауазымында қызмет еткен.

Әр жылдары Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы, ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Алматы ауданы ТЖБ бастығының орынбасары болды. Сонымен қатар Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы ТЖБ бастығы, Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, Астана қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылдың 13 маусымынан бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарып келді.

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: