Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданының әкімі сайланды

29.09.2025, 11:30 248

HALYQLINE.KZ

2025 жылғы 28 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 47 219 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 32 337 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 917 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны – 5.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және учаскелік сайлау комиссияларының Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:

Кандидат Есмаханов Алмасбек Абилкасимович үшін сайлаушылардың 21096 дауысы берілді, Жанабаев Габит Жумабекович үшін сайлаушылардың 3240 дауысы берілді, Казбекова Мира Жомартқызы үшін сайлаушылардың 2984 дауысы берілді, Койшыбаев Шахмардан Султанбекович үшін сайлаушылардың 2605 дауысы берілді, Измагамбетов Бауыржан Нурланович үшін сайлаушылардың 1994 дауысы берілді

Сайлау қорытындысымен Қазалы ауданының әкімі болып Есмаханов Алмасбек Абилкасимович сайланды. 1982 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында тұрады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен 2025 жылғы 28 қыркүйекте сайланған Есмаханов Алмасбек Абилкасимович Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі болып тіркелді.

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: