Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды

29.07.2024, 17:10 355

Бүгін кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Онда шаһар басшысы Серік Қожаниязов қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Әжібеков Мейрамбек Темірханұлы тағайындалды.

«Мейрамбек Темірханұлы – осы саланың тәжірибелі маманы. Сондықтан бұл саланы дамытудың жаңа жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыратынына сенім білдіремін,»-деді қала әкімі.

Мейрамбек Темірханұлы 1985 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерді мелиорациялау, рекультивациялау және қорғау» бакалавры және «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша магистр ретінде тамамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Проект Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженер болып бастаған.
2016-2023 жылдары қалалық жер қатынастары бөлімінің статисті, бас маманы, сектор меңгерушісі болды.

2023 жылдың ақпанынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: