Шаһар басшысы Асылбек Шаменов актив отырысында жаңа аппарат басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Абатов Жасұлан Уалиұлы тағайындалды.
Қала әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған Асылбек Өмірбекұлы тағайындалған аппарат басшысына бірқатар міндет жүктеді.
«Жасұлан Уалиұлы, өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін арттырып, кадрлық құрамды нығайтып, тәртіпті күшейту керек. Бұл ретте, мемлекеттік қызметте жинаған мол кәсіби тәжірибеңізбен осы жұмыстарды жоғары деңгейде іске асыратыныңызға сенім білдіремін», – деді қала әкімі.
Жасұлан Уалиұлы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ішкі істер органында бастаған.
2002-2013 ж.ж Кеден органында және жеке секторларда жауапты басшылық лауазымда қызмет атқарған.
2013-2016 ж.ж Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары;
2016-2019 ж.ж Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасының басшысы;
2019-2022 ж.ж Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
2022 жылдан осы кезге дейін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы қызметін атқарып келді.
Ал, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы болған Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Берлібек Әнуарбекұлына шаһардың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!