Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.
Асқарбек Маратұлы Ертаев – еңбек қатынастары, әлеуметтік қорғау және көші-қон саясаты саласында жүйелі басқарушылық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметкер. Министрлікке дейін ол осы ведомствода вице-министр қызметін атқарған.
Еңбек жолы:
1997–2000 жылдары – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінде әртүрлі қызметтер атқарды.
2000–2014 жылдары – Екінші деңгейлі банктерде жұмыс істеп, қаржы және экономикалық талдау саласында тәжірибе жинақтады.
2014–2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2017–2020 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінде департамент директорының орынбасары, кейін департамент директоры лауазымында еңбек етті.
2021–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінде сектор меңгерушісі болды.
2022–2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесінде экономикалық бағыттағы құрылымдық бөлімді басқарды.
2023 жылғы шілдеден бастап – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2024 жылдан бері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің вице-министрі қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!