HALYQLINE.KZ Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.
Еске салайық, биыл 1 желтоқсанда Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылған болатын. Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы болып Олег Крук тағайындалған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!