Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Орынбасар еді, басшы болды

25.09.2020, 12:20 665

Облыс әкімінің өкімімен Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Гаухар Қалмақова 1974 жылы туған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облыстық қаржы басқармасының экономисті ретінде бастаған.

1996 – 2004 жылдары Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бас экономисті, жетекші маманы, бас маманы;

2005 – 2017 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы. 2017 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: