Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметіне Қалдарбеков Мұса Оспанұлы тағайындалды.
Қалдарбеков Мұса 1972 жылы туған. Алматы технологиялық институты мен Алматы технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын Кентау қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшысы ретінде бастаған.
1991-1997 жылдары – Жаңақорған өндірістік комбинатының жұмысшысы, «Кереге» кіші мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
1997-2011 жылдары Алматы қаласының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2011-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметінде болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!