«Сыр медиа» ЖШС бас директорының бұйрығымен Ботагөз Ажарбаева облыстық «Кызылординские вести» газетінің және kzvesti.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы болып тағайындалды, деп жазады kyzylorda-news.kz.
Б.Ажарбаева 1972 жылы мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Журналистикадағы қызметін 2006 жылы бастады.
Ол облыстық «Кызылординские вести» газетінде тілшілік қызметтен «Экономика» бөлімінің басшысы қызметіне дейін жоғарылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!