Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Марлен Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
Марлен Қасеновтің экономика және мемлекеттік басқару саласы бойынша бейінді білімі бар. 2006 жылы Астанадағы сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасына қарасты ведомстволық ұйымдарда бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінде бас инспектор, мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
- Сондай-ақ Астана қаласына қарасты Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Іле ауданының, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаментін басқарды. Соңғы жылдарда Атырау облысында қызмет етіп, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді,-деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!