Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүбараков жаңа қызметке тағайындалды

02.08.2021, 16:56 1006

HALYQLINE.KZ

Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жаңа басшы! Бұл туралы аталмыш институттың фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34, 140-баптарына сәйкес «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 06/21 сырттай отырысының шешімі және 2021 жылғы 29 шілдедегі № 61 еңбек шарты негізінде Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы 02.03.1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылында дүниеге келген.

1992-1996 жылдары Қызылорда политехникалық институтының «Экономист-менеджер»мамандығын бітірген.

2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.

1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық комитетінде басшылық қызметтерді атқарды.

2001-2009 жылдары – Шиелі ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары сынды жауапты қызметтерді атқарған.

2009-2011 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2011-2018 жылдары – Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

09.09.2019-28.02.2020 уақыт аралығында Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

28.02.2020-16.07.2021 уақыт аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы әкімі қызметін атқарған.

Қамбарбек Амангелдіұлы ұзақ жылдар жауапты қызметтерде болған, қазіргі таңдағы су тапшылығы жағдайында Қызылорда облысында ауыл шаруашылығының маңыздылығын түсінетінін және өзінің ынта-жігерін, тәжірибесін институттың дамуына үлес қосатынын өз баяндамасында мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: