Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Әбсұлтановтың бұйрығымен Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы «Қызылорда тазалығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Қызылорда қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы 1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша білім алған.
VII, VIII шақырылымдардағы қалалық мәслихат депутаты болып сайланған.
Еңбек жолын 2003 жылы «PetroLogistics» ЖШС Оңтүстік аймақтың өкілі қызметінен бастаған.
2005-2021 жылдар аралығында «НК»-«КТЖ» АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.
2022-2023 жылдары «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры.
2024 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін «Жасыл Қызылорда» КММ директоры қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!