HALYQLINE.KZ Қала әкімінің 2022 жылғы 21 маусымдағы өкімімен Қайназаров Ғалымжан Әлекбарұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ғалымжан Әлекбарұлы 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2010-2015 жылдар аралығында «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» штаттан тыс бас инспекторы;
2017-2018 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекциялау және аймақтық даму бөлімінің инспекторы;
2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы «Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы» бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы – мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметтерін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!