Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысы тағайындалды

27.02.2025, 11:10 46

Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановтың төрағалығымен өткен мәжілісте жаңадан тағайындалған Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы таныстырылды.

  • Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына Қайырбаев Абай Арғынұлы тағайындалды.

Абай Арғынұлы ауданның салық салу саласымен етене таныс азамат, мемлекеттік қызметте сатылап өсіп келе жатырған білімді маман.

Абай Арғынұлы 1992 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінде «Құқықтану» және 2019 жылы Д.А. Қонаев атындағы Евразиялық Заң академиясында «Қаржы» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2016 жылы Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында мұрағатшы болып бастаған. 2017-2024 жылдары Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып еңбек еткен. 2024 жылдан бері Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келді.

Абай Арғынұлы, білімі мен тәжірибесін ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, әсіресе салық базасының артуына жұмсайды деген сенімдемін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: