Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас Прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

29.09.2025, 10:20 176

HALYQLINE.KZ

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы туған.

Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

  • 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі.
  • 2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.
  • 2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2017-2018 жылдары – Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.
  • 2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
  • 2022 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: