Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас имам тағайындалды

22.02.2025, 8:00 45

Атырау облысына жаңа Бас имам тағайындалды. Енді бұл қызметі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Болатбек Әбуов атқарады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Болатбек Ұласқанұлы 1982 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін, 2010 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистратурасын бітірген. Ал 2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінен мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын алған.

2013 жылы Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында, 2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторантурасында оқыған.

1999-2002 жылдары Қызылорда облының Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имамы болған. 2005 жылдан 2014 жылға дейін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде түрлі қызмет атқарған.

2018-2023 жылдары Қызылорда облысының бас имамы, 2023 жылдан Алматы қаласындағы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: