Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бағдат Мусин вице-министр болып тағайындалды

20.07.2020, 18:05 569

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып Бағдат Мусин тағайындалады.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Бағдат Мусинді ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатқан болатын.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тамамдаған.  

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болған.

2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарған.

2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ал 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды, бірақ 2018 жылы қызметінен кетті. Мусиннің айтуынша, ол мемлекеттік сектордан бизнес жобаларды әлемдік деңгейде жүзеге асыру мақсатында кеткен. Сонымен қатар, денсаулығына байланысты.

Кейінірек ол BI Group компаниясына жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

Бүгін сондай-ақ, Президент кеңесшісі лауазымынан экономист Олжас Құдайбергенов кеткені белгілі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: