Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Бәкіров Ерлан Әмірханұлы тағайындалды.
Ерлан Бәкіров 1984 жылы туылған. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Болашақ университетін заңгер, экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004-2005 жылдары «Раим» ЖШС-де заңгер болып бастаған. 2005-2006 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің жетекші маманы.
2006-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бас инспекторы, кадр жұмысы бөлімінің басшысы.
2016-2020 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылғы маусым айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!