Облыс әкімдігінің келісімі және аудан әкімінің өкімі негізінде Есжанов Шерхан Жұбаханұлы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Шерхан Жұбаханұлы 1985 жылы Қарақұм ауылдық округі, Абай елді мекенінде дүниеге келген.
2006 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» және 2013 жылы «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы мұнай-газ саласында қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.
2011-2014 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы;
2014-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы және аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;
2020-2022 жылдары Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары;
2022 жылдың қараша айынан Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін абыройлы атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!