Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін әкім болған Ералы Тоғжановтың орнына келді.
Шахаров 1978 жылы Ресей Федерациясы, Орынбор өлкесінің Ақбұлақ аулында дүниеге келген. Самбо және дзюдо күресінен түрлі дәрежедегі халықаралық жарыстарда топ жарған. 2005 жылы Ақтөбе облысының Жыл адамы атағын алған. Афины олимпиадасына қатыса алмайтыны белгілі болған соң үлкен спортты тастап, өз бағын саясатта сынауға көшіп, мәслихат депутаты атанды. Сонымен қатар ол Ақтөбе қаласының әкімі және Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!