Республикалық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы болып Абзал Жолтерек тағайындалды.
Абзал Жолтерек 1997 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті және «Әлімсақ» журналынан бастап, 2020-2023 жылдар аралығында Қазалы аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі болып жалғастырған. 2022-2024 жылдар аралығында «Qazaly Live» және «LLF Qazaly» You Tube арналарында тілші-комментатор, 2023-2024 жылдар аралығында Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің маманы қызметін атқарды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!