Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметінде қалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген Президенттің жарлығында.
Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!