HALYQLINE.KZ Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры лауазымына Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов тағайындалды.
Ә.Ниязымбетов 19.05.1989 жылы дүниеге келген.
2014-2018 ж.ж Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының “Маңғыстау бокс клубы” МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы;
2019-2020 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер;
2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері мен мемлекеттік наградалары:
– 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері;
– 2012 жылы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Лондон, Ұлыбритания);
– 2012 жылы Құрмет орденімен марапатталған;
-2014 жылы Азия ойындарының чемпионы (Инчхон/Корея);
– 2015 жылы Азия чемпионы (Бангкок/ Тайланд);
– 2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рио де Жанейро/ Бразилия);
– 2016 жылы “Барыс” орденімен марапатталған; –
2016 жылы “Дарын” сыйлығының лауреаты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!