Кеше қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаладан сайланған облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиында бас шаһардың Даму бағдарламасы мен алдағы міндеттер талқыланды.
Облыс орталығының 2021-2023 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерге 21 млрд 187 млн теңгенің 49 жобасы ұсынылып отыр.
Оған дейін халық қалаулылары әрбір жобаны жан-жақты талқылап, тиімділігін таразылауы тиіс. Жобалардың барлығы коммуналдық саланы ілгерілетуге, қызмет сапасын жақсартуға, шаһарды абаттандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Солардың қатарында соңғы уақытта күрделі мәселеге айналған қоғамдық көлік қатынасы, ауызсу және аяқсудың үздіксіз берілуі және тазалық жұмыстарының үйлестірілуі бар.
Келелі кеңесуде депутаттар ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!