HALYQLINE.KZ –| Суға түсу маусымы басталмағанымен кейбір азаматтар Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аймағына барып, суға шомылуды әдетке айналдырған. Соңғы 3 жылдың өзінде облыс аумағында қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 74 азамат қаза тапты.
Қызылорда облысы ТЖД тұрғындар арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізгенімен, жағдай ретке келмей тұр. Мәселен, 6 мамыр күні 20 сағат 25 минутта 112 құтқару қызметіне Қызылорда қаласы 3-ші іріленген кварталдағы құтқару станциясы тұсында Сырдария өзенінің ортасына дейін жүзіп барып, аяғы тартылып қалған азамат көмек сұрап тұрғаны жөнінде хабар түсті. Келіп түскен хабарлама бойынша құткару бөлімше басшысы Fалымжан Елмұратов екі құтқарушымен бірге үрлемелі моторлы қайықпен Сырдаря өзені арқылы Қалғандария каналында судан аяғы тартылып қалған 1996 жылы туған азаматты құтқарып, жасақтың құтқару станциясына жеткізді. Сол жерде азаматқа Ғалымжан Елмұратов алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі таңда азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!