Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдарияда Жолдаудағы міндеттер туралы мәжіліс өтті

06.09.2022, 15:15 401

HALYQLINE.KZ Аудан әкімінің төрағалығымен мемлекет басшысының жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске құқық қорғау органдары басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, аудан ардагерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасын, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шараларды, ішкі, сыртқы саясат, қауіпсіздік мәселелерін айқындап, 7 бағытты нақтылап берді.

Президент Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге ел экономикасын серпінді дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеп, оң нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Ендігі кезекте біз Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша нақты шаралар қабылдап, сапалы іске асыруға тиіспіз. Бірінші бағдар аясында жаңа экономикалық саясат макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландырудың тың тәсілдері қажеттілігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Жастарды жан-жақты қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі» екендігін де атап өтті. Келер жылдан бастап жастар кәсіпкерлігін қолдауға жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие берудің тетігі іске қосылмақ. Бұл аудан жастары үшін кәсіппен айналысуға өте қолайлы мүмкіндік. Біз мұны тиімді пайдалануымыз қажет, – деді аудан әкімі.

Мәжіліс барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келдібаев Мұса Алпысбайұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы, аудандық мәслихаттың хатшысы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелер бойынша пікір білдірді. Кездесу соңында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: