Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінен сайланған Сенаторға сенім артамыз

15.08.2020, 10:00 356

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысынан сайланған су жаңа сенат депутаты Ақмарал Әлназарова – өмір жолында биліктің барлық сатысынан өткен білікті маман, сыртта емес, тек Сыр өңірінде қызмет істеген, аймақ жұртшылығына жақын таныс тұлға. Білікті балалар дәрігері ретінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасын басқарған тұста, облыс әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары кезінде ана мен бала өлімін азайтуға үлкен үлес қосты.

Қызылорда облысында аймақтар арасында алғаш болып алты жыл бұрын «Ана мен бала» орталығының ашылуына тікелей мұрындық болды, жобаның басы-қасында жүрді. Сол жылдары Сыр өңірінде ана өлімі өзге өңірлермен салыстырғанда анағұрлым көп болды (Арал, Байқоңыр, экология, т.б.).

Оның үстіне, ана мен бала денсаулығы әлем елдерінің Халықаралық рейтингін түзудегі негізгі индикаторлардың бірі ретінде республика деңгейіндегі маңызды мәселе еді. 200 орындық орталық ашылғаннан кейін, облыс керісінше көшбасшы өңірлердің қатарына қосылды. Міне, мен білетін бір ғана мысал, Ақмарал Шәріпбайқызының жергілікті жұрттың жағдайы мен жанайқайын білетін мықты маман екенін дәлелдеп тұрғандай. Сондықтан, «Сенатқа елдің жайын жақсы білетін өңірден өкіл келді» деп сеніммен айтуға болады.

Акмарал Шәріпбайқызына жемісті қызмет етіп, абырой биігінен көрінуді тілеймін.

Дулат ӘБИБУЛЛАЕВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: